Жүгіру жолы •
Кіру
AA+
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы •
№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жеке тұрған екі қабатты типтік мекемеде орналасқан.

Ғимарат 1977 жылғы.  Ыстық су, суық су құбырларлары жүргізілген, орталық жылу жүйесіне қосылған, электр қуатымен қамтамасыз етілген. Объектінің жалпы алаңы (шаршы метр) – 2597,9 ш/м. Периметр бойынша аумақ биіктігі h=1,8 метр, темір қашамен коршалған.

2010 жылы  «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» қызметін жүзеге асыру бойынша қайтарылған.

БСН100440014897, 21644-1917-МК заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2010 жылдың «04»  сәуірінде берілген.

Кәсіпорынның атауы «ШҚО қаржы басқармасы» ММ 2021 жылғы 11 қаңтарындағы №II-51(К) бұйрығы негізінде «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 5 «Арай» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта тіркелді.

 «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ 2024 жылғы 29 ақпанындағы №П-88 (к) бекітілген ЖАРҒЫСЫ негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы  қызметті  жүзеге  асыру  болып  табылады: 2 жастан  5 жасқа  дейінгі  балаларды  қарау,  күту  және  сауықтыру. бар.


№ Атауы Жүктеу
1 3. Устав
2 4.Санитарно-эпидемиологический заключение
3 6. Лицензия мед

Кәсіпорын  қызметінің мақсаты  балаларды  тәрбиелеу, оқыту, дамыту және  сауықтыру бірлігі  қағидатын  ескере  отырып, мектепке  дейінгі  және бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы   мен  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету; әрбір  баланың  бейіміділігін,  бейімділігін, қабілеттерін, дарындарын  іске  асыруға  бағдарлау   және  оны   даму  ерекшеліктері  мен  денсаулық  жағдайын  ескере  отырып, жеке  тәсіл  негізінде  бастауыш  білім  берудің   білім  беру  бағдарламасын  игеруге  дайындау  болып  табылады.

Білім беру процесі  мемлекеттік  тілде  жүргізіледі.

Тәрбиеленушілердің  ұйымдастырылған  іс- әрекетінің  түрлерін  бөлу  Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының  үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес,  санитарлық  нормалар  мен  ережелердің  талаптарына,  Кәсіпорынның  жұмыс  кестесіне  сәйкес  белгіленеді.

Білім  беру  процесін  ұйымдастыру  ұйымдастырылған  іс- әрекетінің  түрлерін  бөлумен  реттеледі:

  • Кәсіпорынның жұмыс  режимі  ішкі  еңбек  тәртібі  қағидаларында  белгіленеді  және  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  заңнамасының  нормаларына  қайшы  келмеуге  тиіс. 
  • Кәсіпорында 07:00 – ден  19:00- ге  дейін  12 (он  екі) сағат  балалардың  болу  режимі  белгіленген.  Сенбі  және  жексенбі  - демалыс  күндері. 
  • Кәсіпорын күнтізбелік  жыл  бойы   балалармен  жұмысты  қамтамасыз  етеді. Оқу  жылы  ағымдағы  жылдың  1 қыркүйегінен  басталып, келесі  жылдың  31  мамырында  аяқталады.
  • Жас кезеңділігіне сәйкес  ұйымдастырылған  іс- әрекеттің ұзақтығы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен оқытудың  мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандартының  талаптарына  сәйкес белгіленеді. Үзілістердің  ұзақтығы  санитарлық- гигиеналық   номаларға  сәйкес  белгіленеді.

Ай  сайынғы  ата – аналар  төлемнің  мөлшері  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  ата – аналардан   немесе  заңды  өкілдерден  алынады. Бүгінгі күні ата-аналар төлемінің көлемі 2026 жылғы 05 ақпанындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің №19 қаулысының №2 қосымшасына сай 3 жасқа дейінгі балаларға - 20 000 тг, 3 жастан бастан - 25 000 тг құрайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс  Қазақстан  облысы,  Өскемен  қаласы,    Қабанбай  батыр көшесі,   99/2 үй, пошта  индексі 070019.