Кәсіпорынның жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Кәсіпорында 07:00 – ден 19:00- ге дейін 12 (он екі) сағат балалардың болу режимі белгіленген. Сенбі және жексенбі - демалыс күндері.
Кәсіпорын күнтізбелік жыл бойы балалармен жұмысты қамтамасыз етеді. Оқу жылы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, келесі жылдың 31 мамырында аяқталады.
Жас кезеңділігіне сәйкес ұйымдастырылған іс- әрекеттің ұзақтығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес белгіленеді. Үзілістердің ұзақтығы санитарлық- гигиеналық номаларға сәйкес белгіленеді.
Кәсіпорынның педагог қызметкерлері үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
Сонымен қоса ата-аналар назарына түрлі тақырыптар аясында кеңестер мен жүргізілген шаралар туралы ақпараттар беріліп отырады.

